1 сыныпқа өтініш қабылдау 18.06.2026 жылы басталады
Кіру
AA+
«Рудный қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
1 сыныпқа өтініш қабылдау 18.06.2026 жылы басталады
«Рудный қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде білім алушылардың зерттеу қызметі дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағыттағы маңызды іс-шаралардың бірі – 2–8-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Зерде» республикалық балалар зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы. Байқау оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін қалыптастыруға, өз бетінше ізденуге, жаңа идеяларды ұсынуға, зерттеу нәтижелерін талдауға және өз жұмыстарын көпшілік алдында қорғауға мүмкіндік береді.
Биыл мектебіміздің оқушылары байқаудың қалалық кезеңіне қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жүлдегерлеріміздің жетістіктері:
1.Кенес Арсен Ерманұлы – І орын. 7 «А» сынып оқушысы Кенес Арсен Ерманұлы шет тілі бағыты бойынша зерттеу жұмысын ұсынып, қалалық кезеңде І орынға ие болды. Оқушының ғылыми ізденісі, тақырыпты меңгеруі және зерттеу жұмысын қорғаудағы белсенділігі жоғары нәтиже көрсетуіне ықпал етті. Жетекшісі – Бекетаева Анар Мейрамовна

2. Унгебаева Динара Алмасовна – ІІ орын. 8 «А» сынып оқушысы Унгебаева Динара Алмасовна химия пәні бойынша зерттеу жұмысын ұсынып, байқаудың қалалық кезеңінде ІІ орынға ие болды. Жұмыс барысында оқушының пәнге деген қызығушылығы, зерттеушілік қабілеті шығармашылық ізденісі көрініс тапты. Жетекшісі – Сейдалы Балсана Әуелбекқызы
Бұл жетістіктер – оқушылардың табанды еңбегінің, ізденімпаздығының және жетекші ұстаздардың кәсіби қолдауының нәтижесі. Мұндай байқаулар жас ұрпақтың бойында ғылымға деген қызығушылықты оятып, олардың шығармашылық ойлау қабілетін, зерттеушілік мәдениетін және өз мүмкіндіктеріне деген сенімін қалыптастырады.Мектебіміздің атын абыроймен танытып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жетекші ұстаздарымызға сапалы білім мен бағыт-бағдар беріп, оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жас зерттеушілерімізге толағай табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар және биік белестер тілейміз!